Алматыда полицейге соққы жасаған әкімдіктің экс-қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

24 Мамыр 2017, 13:35
0
Алматыда полицейге соққы жасаған әкімдіктің экс-қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты -

Алматыда полицейге шабуыл жасаған әкімдіктің экс-қызметкері Алмат Шәймерденге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алмат Шәймерден екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, Алмат Шәймерденге пробациялық бақылау белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және үкімге жоғары тұрған инстанциялар шағымдана алады.

"Сот Алмат Шәймерденді қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танып (...), оны ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл белгіледі. Сондай-ақ, үкімге сәйкес, Алмат Шәймерден ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабының 1-бөлігі бойынша, 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша, ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. (…)  Шәймерден екі жылға бас бостандығынан айырылсын. Тұрғылықты жұмыс орны жоқ әрі сотталған Алмат Шәймерденді жергілікті атқарушы органдар 200 сағатқа дейін жұмысқа тартсын", - деп оқыды үкімді судья Қуаныш Әріпов.

Алмат Шәймерден соттың үкіміне шағымдануы екіталай екенін айтып өтті.

Айта кетейік, Алмат Шәймерден ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі ("Билік өкiлiн қорлау"), 379-бабы ("Билік өкіліне бағынбау") және 380-бабы  ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша айыпталған болатын.

Кеше әкімдіктің экс-қызметкері 1,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған еді. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны 1,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске салайық, оқиғаның видеосы 3 мамырда пайда болған еді. Видео кадрларынан ер адамның полицейге жақындап келіп, шірене соққы жасағаны көрінеді. Алайда тәртіп сақшысы қарап тұрмай, оған қайтара жұдырықпен соққы жасайды. Кейін ер адам "Кім сені ұрды?" деп сұрайды. Осыдан кейін полицейлер жүргізушіні ұстайды.

Ал кейінірек полицейге шабуыл жасаған жүргізушінің әкімдікте қызмет еткені хабарланған еді. Басылымның мәліметінше, полицейлерден қашып, кейін жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші полиция қызметкеріне жүргізуші куәлігін көрсетудің орнына әкімдік қызметкерінің куәлігін көрсетіп, қорқытқан. Әкімдік қызметкерінің куәлігінде құжаттың Алматы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатту пайдалануды реттеу басқармасының атынан Алмат Шәймерденнің атына берілгені жазылған. Ол ұрып-соғамын деп қорқытқан және полиция қызметінен жұмыстан шығартатынын айтумен болған. Осыдан кейін полицейге жұдырық ала жүгірген.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай