14 тамыз 2018 13:44

Алматыда полиция қызметкерінің алаяқтығы әшкере болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыдағы № 2 Жетісу аудандық сотында полиция қызметкеріне алаяқтық жасағаны үшін 4 329 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыдағы № 2 Жетісу аудандық сотында полиция қызметкеріне алаяқтық жасағаны үшін 4 329 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жетісу аудандық сотының мәліметі бойынша, 2018 жылы ақпанда Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің жол полицейі зардап шегуші С-ның "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекс ережелерін дұрыс білмегенін асыра пайдаланып, оны әкімшілік жазаға тартпау және жүргізуші куәлігінен айырмау үшін 80 мың теңге пара алған. 

Полицей "Алаяқтық" бабы бойынша сотталды. Сот оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеусіз 1 800 АЕК мөлшерінде, яғни 4 329 000 теңге айыппұл салды. Енді ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс атқара алмайды. 

Сонымен қатар, бұрынғы полиция қызметкері "полицияның аға сержанты" шенінен айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети