08 қыркүйек 2020 09:08

Алматыда сантехник бір отбасын пышақтап тастаған: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Алматыда сантехник бір отбасын пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Алматыда сантехник бір отбасын пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Көршілердің пайымынша, қылмысқа ақша себеп болуы мүмкін. Ал ресми орындар тергеу басталғанын ғана хабарлады. Полиция күдіктіні ұстады. Оның бұрын да қылмыс жасап, сотталғанын анықталған.

Оқиға куәгері Оксана Феллер қанды оқиғаны өз көзімен көрген. Сол сәтте пәтерде анасы мен оның 32 жастағы қызы болған.

"Марқұм Инна сантехник азаматты ғаламтор арқылы тапты. Бір күн бұрын шақырып, алдын-ала 250 мың теңге төлемін берді. Негізі араларында ақшаға бола ұрыс болды дегенмен келіспеймін. Керісінше қаскөй бұлардан ақша ұрламақ болған. Сондықтан бәрін пышақтап тастаған", - дейді Оксана Феллер.

Арадағы түсініспеушілік кезінде қаскөй 32 жастағы қызына пышақ сұққан. Денесін тіліп тастаған дейді кәугер. Оған көмекке ұмтылған анасы мен көршісін де жарақаттапты. Көршілерінің айтуынша, марқұм 12 жыл бойы жедел-жәрдем қызметінде істеген. Қызын құтқармақ болған анасының да жағдайын дәрігерлер тым ауыр деп отыр. 35 жастағы көршісі де ауруханада жатыр. 

"Жүректің сол жақ қарыншасының жарақатымен, сол жақ кеуде қуысының пышақпен кесілген бірнеше жарақаттары, сол жақ өкпенің төменгі бөлігің жарасы, мойын тамыры мен шаптың пышақпен жараққаттануы. Науқас реанимациялық бөлме жағдайында ем алуда. Жалпы жағдайы ауыр", - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің маманы Ақшолпан Жүсіпова.

Қалалық полиция департаменті, күдіктінің бұрын сотты болғанын айтып отыр. Тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындады дейді.

"Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азамат қамауға алынды. Пышақ бойынша арнайы сараптама тағайындалды. Бұрын бұл азамат істі болған мүліктік қылмыстар жасағаны үшін", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Қазір күдікті азаматқа "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал мәйіт пен жарақат алған жандарға сот медициналық сараптамасы тағайындалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети