03 мамыр 2022 16:04

Алматыда соққыға жығылған әйелдің оқиғасы: істің мән-жайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда әйелді таяқпен сабаған ер адамға қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда әйелді таяқпен сабаған ер адамға қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, зейнеткерді соққыға жыққан 1972 жылғы ұлы екен.

"Дерек 3 мамырда Алатау ауданы ПБ-ға тіркеліп, 1972 жылғы С.А.В-ға қатысты 1948 жылғы анасы С.Н.И-дің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді прокуратура өкілдері.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу барысы прокурордың жеке бақылауында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Еске салайық, оқиға Алатау ауданындағы жеке секторда болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода алдымен екі әйел арасында жанжал шыққаны, кейін бір ер адам шығып, зейнеткерді ұра бастағаны көрінеді. Алматы полициясы тексеруді 1 мамырда бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети