Алматыда шақырулардың бірінде соққыға жығылып, бірінші топтағы мүгедек болып қалған жедел жәрдем қызметкері Наркескен Сейсембаев жұмысына қайта оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Біржан Оспановқа сілтеме жасап.

Қазір Сейсембаев ақпараттық-диспетчерлік бөлімде бас дәрігер болып жұмыс істейді. Дәрігер диагнозына байланысты жұмысты жеңілдетілген тәртіпте істейді. "Оған екі күрделі ота жасалды. Шақыруларға ол әзірше шыға алмайды, кезекшілікті де атқармайды. Ол ресми түрде мүгедек. Жігіт жас, жасы 25-те, көңілді, біз оны былай тастап кете алмаймыз. Қазір ол тек күндізгі уақытта жұмыс істейді, жеңілдік бердік. Жұмысқа 6 маусымда шықты", - деді Оспанов.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жедел жәрдемнің екі дәрігерінің соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Дәрігерлер 2015 жылдың 26 қарашасында, шамамен сағат 03.00-де соққыға жығылған. Зардап шеккендердің біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Шабуылдаған ер адам ұсталды. Айта кетейік, оқиғадан кейін Алматыда жедел жәрдем дәрігерлерінің төтенше жиыны өтті. Дәрігерлер болған оқиғаға байланысты наразылық танытып, шақыруларға шығуға қорқатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғаларының соңғы кездері жиілеп кеткенін хабарлады.