18 наурыз 2017 | 18:32

Алматыда табылған физик ешқандай да құлдықта болмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда табылған физик Юрий Образцов ешқандай да құлдықта болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда табылған физик Юрий Образцов ешқандай да құлдықта болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Тексеру бойынша анықталған жай, Образцов Юрий Джанович 2014 жылы Алматыға Новосибирскіден пойызбен сәуір айында келген. Дәрігер-мамандармен сөйлескенде ол өзінің Новосибирск облысындағы психодиспансерде есепте тұрғанын айтқан. Мамандар сұрағына жауап бергенде Алматыға келген соң одан әрі Ташкентке кету туралы жоспарын да жеткізген. Ол бір ауылдан екінші ауылға бірде жаяу, бірде түрлі көлікке мініп жүре берген. Ешкім оны күштеп ұстамаған. Үш жыл бойы қайда болғаны, қайда тұрғаны туралы сұраққа жауап бере алмаған.
Сот-медициналық сараптама жүргізілді, оның денесінен ешқандай жарақат анықталмады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін 2014 жылдан бері Алматы облысында тұтқында болған делінген Новосібірдің физик әрі ядролық қару шығарушысына отанына оралу үшін құжаттардың жіберілгені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Новосібір облысы бойынша тергеу басқармасының Тергеу комитетіндегілер тергеу бөлімінің бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылы із-түссіз жоғалып кеткен Қазақстан Республикасының 54 жастағы тұрғынының еңбек құлдығына тартылғаны жайлы мәліметтерді тексеруге кіріскенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети