16 наурыз 2017 11:00

Қазақстанда үш жыл құлдықта болғаны жайлы айтып берген ресейлік отанына қайтқысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Образцов Юрий Образцов

2014 жылдан бері Алматы облысында тұтқында болған Новосібірдің физик әрі ядролық қару шығарушысына отанына оралу үшін құжаттар жіберілді, - деп хабарлайды "Новосибирские новости" "Маяк" барлау жасағына сілтеме жасап.


2014 жылдан бері Алматы облысында тұтқында болған Новосібірдің физик әрі ядролық қару шығарушысына отанына оралу үшін құжаттар жіберілді, - деп хабарлайды "Новосибирские новости" "Маяк" барлау жасағына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Юрий Образцовқа консулдықтан уақытша куәлік пен билет алу ғана қалды", - деді барлау жасағындағылар.

Ресей Федерациясының Новосібір облысы бойынша тергеу басқармасының Тергеу комитетіндегілер тергеу бөлімінің бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылы із-түссіз жоғалып кеткен Қазақстан Республикасының 54 жастағы тұрғынының еңбек құлдығына тартылғаны жайлы мәліметтерді тексеруге кіріскенін айтты.

"Қазіргі уақытта тергеушілер БАҚ-тарда жарияланған мәліметтерді қарап жатыр. Сондай-ақ, комитеттегілердің мәліметінше, жақын арада Новосібір қаласына келетін ер адамның түсініктемесінен кейін қорытынды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Юрий Образцов "Алматы-2" вокзалының маңында орналасқан сауда үйінен табылған еді. Оны белгісіз біреулердің Алматы маңындағы фермалардың бірінде ұстағаны айтылған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети