Алматы полицейлері тәркіленген мүлікті өткізумен айналысып келген әйелден зардап шеккен адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алаяқ бұл жолы халық тұтынатын тауарларды өткізіп жүрген: шұлық пен ұялы телефондардан бастап автокөліктерге дейін", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлер 1974 жылғы әйелді ұстады. Ол Алматы мен ОҚО-да алаяқтықпен айналысып келген. "Қазіргі уақытта полицияға зардап шеккен 12 адам хабарласты. Абдуманаповадан зардап шеккендер тағы басқа адамдарды анықтау мақсатында тергеу осы мәліметті жариялады. Осы азаматшаға қатысты қандай да бір мәліметтер болса, мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 254-44-62; 254-44-82; 254-44-71 немесе 8-707-495-93-25", - деді Наурызбай аудандық ІІБ басшысы Дәурен Өтебаев.