15 тамыз 2018 08:55

Алматыда ұрланған 18 жастағы қыз босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер арнайы операция жүргізу барысында ұрланған 18 жастағы қыз босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полицейлер арнайы операция жүргізу барысында ұрланған 18 жастағы қыз босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстың 9 тамызда болғаны айтылады. Бірнеше адам қыздың үйіне келіп, оның туысын жаралаған. 

"Қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұрланған 18 жастағы қызды босатты. Қылмысты 9 тамызда бір топ адам алдын ала келісіп жасаған, олар тұрғын үйге заңсыз кіріп, қару қолданған. Салдарынан ұрланған қыздың туысы травмат қаруынан жарақат алды", - деді Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев. 

Сондай-ақ, басты күдіктінің ұсталғаны анықталып отыр. Соталды тергеу жүріп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети