15 қараша 2018 13:30

Алматыда үш полицейге алаяқтық әрекеті үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© naspravdi.info © naspravdi.info

Алматыда үш полицейге ақша бопсалағаны үшін әрқайсына 4,5 миллион теңге айыппұл салынды. Ал Қарағанды облысындағы тергеуші пара алғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда үш полицейге ақша бопсалағаны үшін әрқайсына 4,5 миллион теңге айыппұл салынды. Ал Қарағанды облысындағы тергеуші пара алғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алматыда Медеу аудандық ІІБ үш қызметкердің әрқайсына 4,5 миллион теңге айыппұл салынды. Олар алаяқтық жолмен арыз берушілердің ұрлық дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін  2000 доллар көлемінде ақша бопсалаған", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин. 

"Қарағанды облысында аға тергеуші 3,5 жылға сотталды. Ол  ұрлық дерегі бойынша күдіктіге істі қысқартамын деп 1000 доллар қаражат алған", - деді ол. 

Бердалиннің айтуынша, екі қылмыс та агенттіктің call-орталығына - 1424 түскен арыз-шағымдар бойынша анықталған. "Сараптама бойынша, call-орталыққа түсетін хабарламалар нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық, бопсалау дерегі, пара және заңсыз сыйақы беру қылмыстары тіркеледі. Олардың арасында мынадай мамандар жауапқа тартылған: ішкі істер органы - 79, әкімдік қызметкерлері - 16, білім беру саласы - 20, денсаулық сақтау - 15", - деді Бердалин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети