03 сәуір 2018 09:23

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК телеарнасы © КТК телеарнасы

Алматыда полицейлер миллионер, ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы 40 жастағы Есбол Жапбасовты ұстады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алматыда полицейлер миллионер, ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы 40 жастағы Есбол Жапбасовты ұстады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, құзырлы органдар Есбол Жапбасовтың үйі мен көлігінен қару-жарақтың түр-түрін тапқан. Сондай-ақ, ол тұқымды жылқы ұстаумен де әуестенген екен. 40 жастағы Жапбасов бірталай жылдан бері ұйымдасқан қылмыстық топты басқарып, кеденде заңсыз саудасын қыздырған деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан топ қазақ-қырғыз шекарасында ұзақ жылдардан бері контарабандамен айналысқан. Қырғызстаннан құс етін тасыса, ал онда Жапбасов тонналап мұнай өнімін өткізіп жүріпті. Ол аздай, арнайы қызмет анықтағандай, қалталы бизнесмен Қарасу мен Қордай бақылау пунктерін өз қарамағына алып, әрбір кіріп-шыққан жүк көлігінен ақша алып отырған. Еш кедергісіз өткісі келгендер "Жапбасовтарға" кемі 80 мың теңге беруге тиіс. Ал табыстың 50 пайызы кәсіпкердің қалтасына түсіп отырған.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, Есбол Жапбасовтың Лексусын тінту барысында көліктен "ТТ" тапаншасы табылды. Ал үйінен Калашников автоматы мен оқ дәрі тәркіленді. Одан басқа ИЖ-79 газды тапаншасын оқ дәрісімен тығып ұстаған екен. Өйткені, телеарнаның мәліметінше, Жапбасов Қырғызстандағы қылмыс әлемінің серкесі Камшыбек Көлбаевпен ым-жымы бір болған. Ал бұл банданың қару-жарақ, есірткі, тіпті адам саудасымен айналысып аты шыққан.

Тергеу мәліметінше, Жапбасовтың елімізде қамауға алынған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбекұлымен де байланысы бар деген күдік бар. Себебі, құзырлы орган мәліметінше, миллионердің сыбайластарының саны көп екен. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети