12 наурыз 2014 18:48

Алматыда зергерлік бұйымдар контрабандасы әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жедел түсірілім кадры. ©Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі Жедел түсірілім кадры. ©Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Алматы әуежайында зергерлік бұйымдар контрабандасының жолы кесілді - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлеріне сілтеме жасап. "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Алматы халықаралық әуежайында Шаржы - Алматы әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында Қазақстан азаматшасын ұстады. "Күдіктінің қол жүгін тексеру барысында кеден органында декларацияланбаған 200 данадан астам, жалпы салмағы 1 келіден асатын сары және ақ түсті зергерлік бұйымдар тәркіленді", - дейді кедендік бақылау департаментінің мамандары. Қазіргі уақытта кеденшілер тәркіленген дәйекке қатысты процессуалдық шешім шығару үшін тергеуалды амалдарын жүргізіп жатыр. ) Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Алматы әуежайында Түркиядан заңсыз әкелінген 22 келіден асатын алтын бұйымдар тәркіленген болатын. "Алматы" өткізу бекетінің шекара наряды 1984 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады. Ол аса ірі көлемде экономикалық контрабанда жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети