15 қаңтар 2016 09:35

Алматыда зейнеткер алаяққа 22 миллион теңгесін беріп қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда зейнеткердің 22 миллион теңгесін алдап алған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Алматыда зейнеткердің 22 миллион теңгесін алдап алған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, ұсталған 1979 жылғы азамат Д. Сайырбаев бұған дейін сотты болған. "Алайда, бұдан сабақ алмаған Сайырбаев тағы да заңбұзушылық жасады, нақтырақ айтсақ, Алматыдағы Медеу ауданының аумағында алаяқтық жасады - бөтеннің мүлкін сеніміне кіріп, жымқырған. Ер адамның қылмыстарының бір эпизодында оның қақпанына 2011 жылдың 25 қазаны мен 30 қарашасының аралығында Сайырбаев заң компанияларының бірінің ғимаратында заң құқық қызметін ұсынатынын, соттың барлық инстанциясында мәселелерді шешетінін айтып, алдап, сеніміне кіріп, 22,35 миллион теңгесін жымқырып кеткені жайлы айтқан зейнеткер бар", - деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков. 


Д. Сайырбаев. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері жолдады 

Сонымен қатар, Медеу аудандық ІІБ-не ұсталған азаматқа қатысты тағы да он адам хабар түсірген. Осыған байланысты құқық қорғау органдары ұсталған азаматтан зардап шеккендерді полицияға хабар беруін сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети