Алматыдағы атыс: үй айналасындағы қоршау әлі алынбаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Алматыда 20 қыркүйекте атыс болған үйдің айналасындағы қоршау әлі алынған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 20 қыркүйекте атыс болған үйдің айналасындағы қоршау әлі алынған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына барды. Журналистің айтуынша, полиция қызметкерлері үйді қоршауға алып, кезекшілікті жалғастырған.

"Қазіргі уақытта үйдің алдында Алатау облысы Полиция департаментінің бастығы бастаған 5-7 полицей тұр. Фото және видео түсірген ондаған журналистің кетуін сұрап, қоршау аумағын кеңейтіп қойған", - деді тілші.

Сурет: Шоқан Алхабаев

Журналист қайғылы оқиға болған үйді де түсіріп үлгерді.

Үйдің аумағында кем дегенде екі полиция қызметкері, әйел мен ер адам жүр. Олар шамасы, алматылық атқыштың әйелі мен баласы.

Айта кетейік, 20 қыркүйекте кешке 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro