20 қыркүйек 2021 18:53

Алматыдағы атыс: ер адам полицейлер мен сот орындаушыларын өлтірді

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда атыс болып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда атыс болып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, бүгін, 20 қыркүйекте сағат 17.00-де "Ақбұлақ" шағынауданында Алматының Алатау ауданында атыс болды.

Үйден шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған.

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды. Күдікті ұсталды. Бүгінде жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети