20 қыркүйек 2021 19:28

Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев Фото Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Tengrinews.kz тілшісі Алматыда атыс шыққан Ақбұлақ мөлтек ауданына барып, оқиға орнындағы жағдайды сипаттады.


Tengrinews.kz тілшісі Алматыда атыс шыққан Ақбұлақ мөлтек ауданына барып, оқиға орнындағы жағдайды сипаттады.

Атыс шығарған ер адамның үйі шағын көшенің соңында тұр. Бұл Сыздықов көшесі.


Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Қазіргі уақытта көше жабылған. 


Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Қаптаған полиция көлігі мен жедел жәрдем көлігін байқауға болады. 

Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Еске салайық, бұған дейін Алматыда атыс болып, ер адам полицейлер мен сот орындаушыларын өлтіргені хабарланған болатын. 

Үйден шығару туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған. Салдарынан бес адам қаза тапқан. 

Әзірше қаза тапқан екі полицейдің есімдері белгілі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети