Айыппұл алғанды қалай ерекше өткеруге болады? Әлеуметтік желілерде ерекше тренд белең алды: пайдаланушылар полиция қызметкерлерімен тілдесу сәтінде Юлия Савичева мен Джиганның "Отпусти" әнін пайдаланып, видео түсіре бастады, деп хабарлайды Tengri Life.
Мұндай видеоны алғашқылардың бірі болып алматылық қыз жариялады. Кадрларда қала тұрғыны полиция қызметкерлері оған қатысты әкімшілік хаттама толтырып жатқанда, өзін видеоға түсіріп, ән айтып тұр. Рәсімнің аяқталуын жай ғана күтіп тұрудың орнына, қыз "Отпусти" әнін шырқайды, ал полиция қызметкерлері, жазбаға қарағанда, өз жұмыстарын жалғастыра береді.
@marquisa_marquisa1 ♬ түпнұсқа дыбыс - тгк: Анечка🎀🖤
Жарияланғаннан кейін видео әлеуметтік желілерде тез тарап, миллиондаған қаралым жинады. Түпнұсқа роликтен кейін пайдаланушылар осы идеяны қайталап, дәл сол музыкалық үзіндіні пайдаланып, өз нұсқаларын түсіре бастады.
@kenjebekovaa Сәтін жіберіп алмадым 😂✔️
♬ түпнұсқа дыбыс - тгк: Анечка🎀🖤
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бір бөлігі болған жайтқа әзілмен қарап, ән сәтті таңдалғанын атап өтті.
"Келісіп көру - жоқ, видео түсіру - иә", "Не десеңіз де, өте керемет шыққан, келісерсіздер", "Ешқандай жамандығы жоқ, жай ғана ән осындай сәтке дөп келген", " Меніңше, өте қызықты шыққан. Бәрібір ештеңе істей алмайсың, неге контент жасамасқа?", "Айыппұлға деген ең қуанышты реакция", - деп жазды желі қолданушылары пікірлерде.
Сондай-ақ көпшілік қыздардың кадрдағы өзіне сенімділігіне және осындай сәтте де өзін көрсете білуіне назар аударды.
"Ойлап тапқанын-ай, әнді де тауып қойған. Сұлу, ақылды", "Сұлулығы үшін айыппұл салды", - деп әзілдеді пікір қалдырушылар.
@ayismoon 🤣👮🏻❤️
♬ Отпусти - Джиган
Ал басқа қолданушылар, керісінше, мұндай әрекетті орынсыз деп санап, құқық қорғау органдарының өкілдерімен сөйлескенде әдеп сақтау қажеттігін еске салды. Кейбіреулер мұндай түсірілімдердің заңдылығына күмән келтірді.
"Бұл сыйламаушылық деп аталады", "Заңға деген құрмет қайда, бұл қандай тәрбие?", "Бізде заңды мүлдем сыйламайтын болған ба? Бұл не, ойын ба?", "Оларды түсіруге болмайтын сияқты еді, әлде мен қателесіп тұрмын ба", - деп атап өтті желі қолданушылары.
Дегенмен роликтер мыңдаған лайк жинап, желіде таралып жатыр. Біз Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне пікір алу үшін сауал жолдадық, алайда материал жарияланған сәтте жауап ала алмадық.
@_sasaya_ ♬ Отпусти - Джиган