Әлеуметтік желілерде қазақтың көрімдік салтына негізделген жаңа тренд қарқынды дамып келеді. TikTok және өзге де платформа пайдаланушылары жаңа затты көру, құпияны білу, тіпті қираған көліктің салдарын тамашалау мүмкіндігі үшін әзілдеп ақшалай сыйлық талап етіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Life.
Енді не үшін көрімдік сұрайды?
Тренд идеясы қарапайым: ролик авторлары қызықты дүниені әдейі жасырып, оны көрімдік алғаннан кейін ғана көрсетуді ұсынады.
Алғашқы вирусты видеолардың бірі - әкесінің көлігін соғып алғаны айтылған ұлымен жазысқан хат-хабарын пайдаланушы жариялаған видео болды. Сюжет бойынша, ол апат салдарын өзіне "көрімдік" аударғаннан кейін ғана көрсетуге келіседі.
@1win_lumi #рекомендации #100k #көрімдік #машина ♬ түпнұсқа дыбыс - Morozov
Тағы бір автор досы ақшалай сыйлық жібермейінше, оған жаңа велосипед рамасын көрсетуден бас тартты.
@wernerhin_10 #көрімдік #рекомендации @Shardz!Baizeckич ♬ түпнұсқа дыбыс - рахат-лукум
Геймерлер де бұл трендтен қалыс қалған жоқ. Minecraft ойыншысы өз стримін көрушілерден виртуалды әлемдегі жаңа құрылысын бірінші болып көру құқығы үшін қаржылай сыйақы талап етті.
@abisos6767676 көрімдік #майнкрафт #майн #minecraft #көрімдік #fyp ♬ түпнұсқа дыбыс - Балалайка
Месси мен Гагарин де "іске кірісті"
Тренд әлемдік танымал тұлғаларға да жетті. Жасанды интеллект көмегімен пайдаланушылар аты аңызға айналған футболшы Лионель Мессидің қатысуымен әзіл ролик жасап шығарды. Генерацияланған сұхбатта спортшы өзінің ойын тактикасын ашып, жаңа финттерін "көрімдік" бергендерге ғана көрсетуге уәде береді.
Бейнежазбада ол 10 мың теңгеге өзінің фирмалық финтін көрсетуге, ал 100 мың теңгеге Англия құрамасына қалай гол соғу керектігін айтып беруге уәде етеді.
@tripleta.edits месси көрімдік сұрап жатыр #месси #lionelmessi #argentina #goat #көрімдік ♬ original sound - adiaeV2 - europeretro.com
Басқа бір танымал видеода авторлар тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің мұрағаттық кадрларын пайдаланған. Монтаж сюжеті бойынша, ғарышкер Жердің шынымен де шар тәрізді екенін дәлелдеп көрсету үшін адамдардан "көрімдік" сұрайды.
@ipal.princes6 #жұмыр #жер #көрімдік #Гагарин #шеңбер @WIXSI ♬ түпнұсқа дыбыс - пинкман
"Көрімдік" қалай кең таралып кетті?
Бәрі жергілікті вайндардан басталды. Блогерлердің бірі достарына су жаңа кроссоверін көрсетіп мақтанбақ болады. Көліктің әрбір бөлшегін көру мүмкіндігі үшін ол 10 мың теңгеден сұраған.
@sekavines Міне, назарларыңызға - жаңа Hyundai BAYON 🔥 Қазақстанда алғаш рет. Жоғары қуатының, сенімділігінің және озық қауіпсіздік жүйесінің арқасында жолда өзіңізді нық сезіне аласыз. Нағыз заманауи спорттық дизайны бар қалалық кроссовер. hyundai.com сайтында алдын ала тапсырыс беруге болады 👌
♬ түпнұсқа дыбыс - Серғазы Тоқтарбек
Осы сәттілікті қайталағысы келген желі қолданушылары миллиондаған қаралым мен жүздеген мың лүпіл жинайтын роликтер жариялай бастады. Бұл ретте шетелдік аудитория көбіне аң-таң болып қалады. Видеолар астындағы пікірлерден түсінбей қалғандардың көптеген сұрағын көруге болады.
"Қанша жыл өтсе де, "көрімдіктің" не екенін білмеймін", "Осы видеоны қанша көрсем де, "көрімдік" деген не екенін әлі түсінбедім", - деп жазды желі қолданушылары.
Көрімдік деген не?
Қазақ мәдениетінде "көрімдік" - бұл адамға маңызды бір нәрсені немесе біреуді алғаш рет көргені үшін берілетін сыйлық.
Бұл салт қуанышты оқиғалармен байланысты. Мысалы, көрімдік нәресте дүниеге келгенде, жаңа көлік, диплом алғанда немесе басқа да маңызды сәттерде берілуі мүмкін. Бұл жерде мәселе көру үшін төленетін ақыда емес, назар аударудың символдық белгісінде, құттықтауда және жақын адамдармен қуанышты бөлісуде жатыр.
Тарихшылар пікірінше, бұл дәстүр қазақ мәдениетінің негізгі принциптерінің бірі - өзара қолдауды көрсетеді. Сыйлық ақшалай сыйлық ретінде емес, туыстар мен достар арасындағы қарым-қатынасты нығайту тәсілі ретінде қабылданған.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің докторанты Талапкер Уәлиев мұндай салт-дәстүр тарихи тұрғыдан қоғам ішінде тек материалдық емес, эмоционалды ресурстарды бөлуге көмектескенін атап өтті.
Айта кетейік, жақында Оңтүстік Кореядағы жаңа тренд - дофаминді сайттар туралы жазған болатынбыз. Олар нақты сатып алусыз, тамаққа тапсырыс беру немесе бірге темекі шегу сияқты үйреншікті рәсімдерді имитациялайды. Мұндай платформалар жастар арасында жаңа ермекке айналды.