Алматы қаласында екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша күдікті, қалалық ІІД мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы Санат Жанатбеков екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Қаулыны Алматының Жетісу аудандық №2 соты шығарды.

Жанатбековке ҚР Қылмыстық кодексінің "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша күдіктің келіп отырғаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, Жанатбеков BMW 525 маркалы автокөлігін Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытқа қарай жүргізіп келе жатып, Жангелдин пен Сидоркин көшелерінің қиылысында қоғамдық көлікке арналған жолақпен қарсы бағытқа шығып, Daewoo Matiz маркалы көлікпен соқтығысқан. Daewoo Matiz бұл кезде Сидоркин көшесінің бойымен солға қарай бұрылып жатыпты. "BMW 525 маркалы көлік соққы әсерінен қиылыстың бұрышына ұшып кеткен, сөйтіп, екі жаяу адамды қаққан. Кейін BMW 525 тоқтап тұрған Volkswagen Sharan және Toyota Land Cruiser көліктеріне барып соғысқан", - деп хабарлады соттағылар.
Сонымен қатар, BMW 525 жолаушысының да жарақат алғаны айтылады. Мұнымен бірге, Matiz маркалы көліктің соққы әсерінен Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан Subaru Legacy көлігімен соқтығысқаны айтылады.
Осыған дейін сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша BMW жүргізушісінің мас болмағаны хабарланған болатын. Еске салайық, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 14 сәуірде Алматыдағы Жангелдин көшесінің бойында болды. Екі адам қаза тапқан.