Алматыда апалы-сіңлілі әйелдерді өлтірген күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда апалы-сіңлілі әйелдерді өлтірген күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"7 желтоқсанға қараған түні Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мас күйде Алматы қаласының екі тұрғынын өлтіріп кетті деген күдіктіні ұстады. Ұсталған ер адамның 1994 жылғы қыздың өліміне қатысы бар екені анықталды", - деп хабарлады полициядағылар.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
"Өлтірілген әйелдердің ішкі органдарын кесіп алған" деген мәлімет шындыққа жанаспайды және сот-медициналық сараптама оны растаған жоқ. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат көздерінен расталмаған мәліметтерді таратпауларын сұраймыз", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін апалы-сіңлілі әйелдерді пышақтап кеткен ер адамның әлі іздеуде жүргені хабарланған болатын. БАҚ мәліметінше, қанішердің қолынан қаза тапқан апалы-сіңлілі екеуі жер қойнына тапсырылған. Бірі 30, екіншісі 16 жерден пышақталған Людмила Тимофеева мен Ольга Суслина осыдан бес күн бұрын түнжарымнан ауған шақта өз үйінде өлі күйінде табылған болатын. Олардың денесін өртеніп жатқан үйдің ішінен көршілері алып шыққан.