07 желтоқсан 2017 08:53

Алматыда адамшошырлық оқиға: Апалы-сіңлілі әйелдерді пышақтап кеткен жауыз әлі іздеуде жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген апалы-сіңлілі әйелдердің туыстары жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген апалы-сіңлілі әйелдердің туыстары жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Алматыда қанішердің қолынан қаза тапқан апалы-сіңлілі екеу жер қойнына тапсырылды. Ал адам миына кіріп-шықпайтын қылмыс жасаған жауыз әлі іздестіріліп жатыр екен. Бірі 30, екіншісі 16 жерден пышақталған Людмила Тимофеева мен Ольга Суслина осыдан бес күн бұрын түнжарымнан ауған шақта өз үйінде өлі күйінде табылған болатын. Олардың денесін өртеніп жатқан үйдің ішінен көршілері алып шыққан. Ал күдікті ретінде 34 жастағы Замандин Палтуев іздестіріліп жатыр.


Қанды оқиға болған үй

Бақилыққа кеткен Людмила Тимофееваның артында 3 баласы, ал Ольга Суслинаның бір ұлы қалды. Бәріне кінәлі жауыздың жасаған ісі адамды түңілдіреді.

"Ольганың әурет жерін, ал Люданың омырауын кесіп алған деп естідім. Одан қалды, тамағын осып, денесінің де сау-тамтығын қалдырмаған дейді. Тіпті, есі дұрыс емес адамның да мұндай әрекет жасауы екіталай ғой. Үйіміздің жанында осындай болып жатқасын, өзіміз де қорқып отырмыз", - дейді марқұмдардың туысы Любовь Доденгефт.

Осы айдың бірінен екісіне қараған түні болған қанды оқиғаның шет-жағасы көрші үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Онда екі аяғын әрең басқан біреу жайбарақат кетіп барады. Кейін белгілі болғандай, видеодағы адам күдіктінің дәл өзі болып шыққан. От қаулаған үйді өшіріп жатқан өрт сөндірушілердің онымен ісі жоқ.


Бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдікті

Бұл түні тағы бір адам зардап шеккен. Алайда тергеу шараларының құпиялығына байланысты үшінші адам туралы ақпарат әзірше жасырын болып тұр. Белгілісі, миы шайқалып, тілге келмей қиын жағдайда жатыр екен. Ал басты күдікті көлденең жүрген біреу емес, марқұмдардың танысы болып шықты. Жалпы ауыр қылмысқа ішімдіктің де әсері бар деген болжам айтылып отыр екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети