12 ақпан 2022 18:00

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде шерушілерге темір таратқандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура жариялаған видео кадры. 5 қаңтар Бас прокуратура жариялаған видео кадры. 5 қаңтар

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде шерушілерге темір шыбық таратқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өкілдеріне сілтеме жасап.


Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде шерушілерге темір шыбық таратқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өкілдеріне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы прокуратурасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы полиция қызметкерлеріне, арнаулы және әскери бөлімшелерге, сондай-ақ әкімшілік ғимараттарға шабуылдар жасалған жаппай тәртіпсіздіктер фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан Алматы қаласының 4 тұрғынын, соның ішінде бір кәмелетке толмағанды анықтады", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура өкілінің мәліметінше, ұсталғандар 5 қаңтарда қалада Lexus GS300 автокөлігімен жүріп, басқа құқықбұзушылармен бірге "Анна" қару-жарақ дүкенін тонаған.

"Ұрланған қаруларды сол көлікпен Республика алаңына жеткізіп, тәртіпсіздіктерге қатысушыларға таратқан (бейнежазба қоса беріледі). Одан бөлек, Алматы қаласы мен Алматы облысының 5 тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар 5 қаңтарда Алматы көшелерінде "Газель" автокөлігімен келе жатып, өтіп бара жатқан бүлікшілерге өздері алдын ала дайындаған темір шыбықтарды таратқан (бейнежазба қоса беріледі). Кейін қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында жоғарыда аталған қылмыскерлер кейбір сыртқы бөлшектерін бояу арқылы автокөлікті өзгерту бойынша шаралар қабылдаған. Сот ұсталған сегіз адамға қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Кәмелетке толмаған адам ата-анасының жеке кепілгерлігімен босатылды", - делінген хабарламада.

Бүгінде тергеу жалғасып жатқаны айтылады, олардың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы анықталу үстінде екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети