02 маусым 2017 11:41

Алматыдағы ҰҚК арнайы операциясы: 17 адамның ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© knb.kz © knb.kz

Алматыда арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталған еді. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуроры Ғабит Миразовқа сілтеме жасап.


Алматыда арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталған еді. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуроры Ғабит Миразовқа сілтеме жасап.

"Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің ұсталғандарды қамау туралы өтініші қабылданып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандар қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы қалалық прокуратура өкілдері.

Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі қарсылық көрсетіп, арнайы бөлімшенінің көлігін бүлдіргені айтылады. Атыс салдарынан арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ жарақатын алған.

Сондай-ақ, Алматы қалалық прокуратура өкілдері қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын және ол мәліметтерді құпияда сақтайтынын айтып өтті.

Осыған дейін Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Қасабеков ұсталған болатын. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталып, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынғаны айтылады.


© knb.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети