27 маусым 2023 16:21

Алматыдағы заңгер әйелдің өлімі: үкім күші жойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда апелляциялық сот заңгер әйелдің өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда апелляциялық сот заңгер әйелдің өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысының шешімі бойынша Талғат Нұртаевтың үкімі қайта қаралатын болады. Осылайша, апелляциялық сот алқасы Нұртаевтың үкімін жойып, істі соттың басқа құрамдағы жаңа сот талқылауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, 42 жастағы әйелге шабуыл 2022 жылдың 8 қазанында сағат 23:00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болған. Көптеген пышақ жарақаттарымен әйел жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Күдікті әйелге шамамен 18 рет пышақ сұғып, оның басым бөлігі басы мен мойнына тиген. Ауыр жарақаттар салдарынан 42 жастағы әйел қаза болды.

"Кісі өлтіргені үшін бар-жоғы 1,5 жыл". Заңгерді аяуандықпен өлтірген ер адамға қатысты үкім Желіде қызу талқыға түсті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети