23 қыркүйек 2021 | 17:45

Алматылық атқыш банктерге ғана қарыз емес. Сотта мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматылық атқыш Игорь Дужнов банкке ғана емес, таныстарына да қарызын қайтармай жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық атқыш Игорь Дужнов банкке ғана емес, таныстарына да қарызын қайтармай жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық соты мәліметіне сүйенсек, Дужнов ақша алып, қайтармаған таныстары оны алты рет сотқа берген. Сондай-ақ, 18 рет жеке сот орындаушылары оны сотқа жауапкер ретінде шақырған. Бұдан бөлек, тағы тоғыз рет алматылық атқыштың мүлкіне тыйым салуға және мәжбүрлеп сотқа келтіруге тырысқан.

"2014-2021 жылдары Игорь Дужнов алты азаматтық іс бойынша сотта жауапкер болған. Ол ұзақ уақыт бойы қарызын өтемеген: кейбіреулері үш, ал басқалары үшін алты жыл. Сондықтан екі адам одан жалпы сомасы 6,5 миллион теңге қарызды өндіріп алу үшін жүгінген. Сонымен қатар, ЖСШ бес миллион теңгені қайтару туралы және банк 118 миллион теңгені қайтару туралы талап арыз берген", - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің маманы Нұрсұлтан Орынбасаров. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, үш сот шешімі бойынша Дужновтан 130 миллионға жуық теңге өндірілген. Бірақ ол тағы үш іс бойынша айыпталушы. Бұл банктің "мүлікті өндіріп алу туралы" талабы, сонымен қатар азаматтардың "ерлі-зайыптының ортақ қарызы ретінде соманы тану және оның отбасын шығару туралы" екі талабы.

"27 рет сот орындаушылары сотқа жүгінді. Олар Дужновтың мүлкіне тыйым салуды және ақшаны мәжбүрлеп қайтару үшін басқа да шараларды қолдануды талап етті. Сот орындаушылары борышкердің ортақ меншіктегі үлесін анықтауды сұрады. Сонымен қатар, олар сот шешімін орындау үшін әдіс пен процедураны өзгертуді сұрады", - деп толықтырды Орынбасаров.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды

Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная