20 қыркүйек 2021 20:51

Алматыдағы атыс: қаза тапқандардың бірі үйдің жаңа иесі болып шықты

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыдағы "Ақбұлақ" шағынауданында болған атыс кезінде қаза тапқандардың бірі үйдің жаңа иесі болып шықты. Бұл туралы Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рүстем Абдрахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы "Ақбұлақ" шағынауданында болған атыс кезінде қаза тапқандардың бірі үйдің жаңа иесі болып шықты. Бұл туралы Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рүстем Абдрахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаза тапқандардың ішінде екі полиция қызметкері, сот орындаушысы мен екі адам бар. Олардың бірі - үйдің жаңа иесі болған", - деді ол. 

Оның айтуынша, күдікті аңшы қаруымен атыс шығарған. 

Арнайы жасақ қару қолданған жоқ: Алматыдағы атыстың мән-жайы айтылды

Еске салайық, бүгін, 20 қыркүйекте 17.00-де "Ақбұлақ" шағынауданында Алматының Алатау ауданында атыс болған еді. 

Үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған.

Алматыдағы атыс: қаза тапқандарға қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды. 

Күдікті ұсталды. Бүгінде жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети