ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2021 | 15:25
Алматылық атқыш Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды
Алматылық атқыш Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық атқыш Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін прокуратура Дужновты ұстау мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзарту туралы өтініш білдірген.
"12 қарашада прокуратураның өтініші тергеу сотының қаулысымен қанағаттандырылды. Игорь Дужновқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция берілді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотында.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыш Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеуді бастағаны хабарланды. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады.
Сурет ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев
Айта кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.
Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ, үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылды.
Үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также