ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2021 | 14:05
Алматылық атқыш қамауда соққы көрді деген ақпарат тексеріліп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыш Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеуді бастады. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыш Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеуді бастады. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қадағалау органы мәліметінше, қылмыстық іс 1 қазанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы негізінде қозғалған.
"Күдікті Игорь Дужновқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соталды тергеуді бастады. Қылмыстық кодекстің 362-бабы 2-бөлігі ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану арқылы зорлық-зомбылық жасау") бойынша іс жүргізіліп жатыр", - деді прокуратура.
Бұған дейін ұсталғаннан үш күн өткен соң, сот отырысына қатысушылар Игорь Дужновтың бетінде көгергенге ұқсас қара дақтарды байқағаны хабарланды. Содан кейін қалалық прокуратура бұл деректі тіркеп, материалдарды тексеру және процессуалдық шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберді.
Айта кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.
Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также