12 қазан 2016 | 19:32

Алматылық атқыш Күлекбаев пен оның бес сыбайласының ісі сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 шілдеде қарулы шабуыл жасаған алматылық атқыш Руслан Күлекбаевтің ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күлекбаевқа қатысты сот процесі Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтетіні белгілі болды. 


Иконка комментария блок соц сети

18 шілдеде қарулы шабуыл жасаған алматылық атқыш Руслан Күлекбаевтің ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күлекбаевқа қатысты сот процесі Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтетіні белгілі болды. 

Руслан Күлекбаев құқық қорғау органдарының және арнайы органдардың 8 қызметкерінің, екі бейбіт тұрғынның өліміне әкеп соққан террористік акт жасады, сондай-ақ үш азаматты өлтіруге оқталды деп айыпталып жатыр. 

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурордың жетекшілігімен 2016 жылдың 18 шілдесінде Алматы қаласында болған террористік акт дерегі бойынша қылмыстық істің соталды тергеуін аяқтады. Тергеудің бірінші күндерінен қала прокуроры бақылауды тиімді түрде күшейту үшін процесстік прокурорлардың тобын құрды, оның жетекшілігімен тергеу шұғыл мерзімде аяқталды", - деп хабарлады Алматы прокуратурасындағылар. 

Прокурорлардың мәліметінше, Күлекбаевпен қатар сотта тағы бес адам сот алдына келеді. Олар атқыштың сыбайластары екен. "Р.Күлекбаевпен бірге Лю Р., Сапарбеков Ж., Әсембекұлы Д., Құсайнов Е., Әбдімомын Н. сот алдына келеді, олар қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, сатып алу, сонымен қатар дайындау және Р.Күлекбаевпен бірлесіп, М. деген кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасады деп айыпталып жатыр. (ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы)", - деп хабарлады прокуратурадағылар. 

Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеуін жүргізді, сонымен қатар, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін 200-ден аса куәгерден жауап алды. Іс материалдарының көлемі 60 томнан асты.  

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болғандығы анықталды. Ол Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерін анықтаған болатын. Полицейлер пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полицейлер пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети