18 шілде 2016 20:40

Алматыда шабуылдың барлығын бір адам жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы шабуылдың барлығын бір адам жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

"Барлық заңға қайшы әрекеттерді бір адам жасаған. Алайда шаралардың аясында қаладағы барлық күмәнді тұлғаларды тексеру жұмыстары жүріп өтті", - деді Салтанат Әзірбек.

"Фигуранттың сыбайластары тексеріліп жатыр. Мұны исламшылар жасады деуге ерте", - деді Салтанат Әзірбек тілшілердің сұрағына жауабында.

"Әлеуметтік желілердегі жалған мәліметтің тарауы - бөлек тергеледі. Жалған мәліметті тарату - қылмыстық жауапкершілік", - деді ІІД ресми өкілі. Айтуынша, Желіде ресми құжат түрінде жария болған мәліметтер де тексеріледі. Сонымен қатар, қаза болғандардың отбасына қажетті көмектің көрсетілетіні аталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыстардан 5 адам қаза тапқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети