26 қаңтар 2023 13:30

Алматылық әйел ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны бұрынғы күйеуіне "ішіне жын кіргені" туралы хабарлама жолдап, ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны бұрынғы күйеуіне "ішіне жын кіргені" туралы хабарлама жолдап, ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы мәліметінше, 1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелген.

"Сондай-ақ, сол күні әйел бұрынғы күйеуіне аудио-хабарлама жолдап, онда ішіне жын кіріп, ұлын оның қолымен өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам үйіне келіп, бұрынғы әйелі мен ұлының өлі денесін тапқан", - деді полиция өкілдері.

Ер адам бұрынғы әйелі кейінгі айларда психикалық ауруға шалдыққанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети