10 ақпан 2017 | 11:55

Алматылық банкир Нұршат Розиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер әлеуметтік желілерден Суреттер әлеуметтік желілерден

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 28 жастағы банкир Нұршат Розиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 28 жастағы банкир Нұршат Розиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот Жандос Байзақовты адам өлтіргені үшін айыпты деп танып, 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. 

Ал екінші сотталушы Аслан Райбаев соттың үкімімен бұл қылмыста кінәсіз деп танылды. Алайда сот оны бопсалау, біреудің мүлігін жымқыру және аса ауыр қылмыс түрін жасырғаны үшін айыпты деп шешті. Аслан Райбаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ, оның мүлкін тәркілеу туралы үкім шықты.

Айта кетейік, Нұршат Розиевтің әкесі сотталушылардан 20 миллион теңге өндіріп алуды сұрады.

Осыған дейін сот отырысында оқиғаның мән-жайы анықталған. Түнгі уақытта банкир мас күйінде Nissan Primera көлігімен жол бойында тұрған Daewoo Nexia маркалы автомобильді соққан. Ол жауапкершіліктен қашуды ойлап, оқиға орнынан жасырынған. Айыптау актісіне қарағанда, Розиевті танитын Байзақов пен Райбаев оқиғаның куәгері болған. Тергеудің мәліметінше, олар сол күні банкирдің үйіне келіп, ауызбастырыққа 100 мың теңге талап еткен.

Еске салайық, Розиев 3 қыркүйекте жоғалып кеткен болатын. Қазақстандық банктердің бірінде бөлімше басшысы болып қызмет ететін оны соңғы рет 3 қыркүйекте кешкі 18.00 шамасында көргендер бар. Ол жаттығудан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Келесі күні таңғы уақытта көршілері Розиев тұратын үйден өрт шыққанын байқаған. Өрт сөндіріліпті, бірақ үй иесі мен оның көлігі болмаған. Кейін күдіктілер 15 қыркүйекте ұсталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети