12 ақпан 2018 12:47

Алматылық жігіт жаңа танысқан қызбен жыныстық қатынасқа түскенін видеоға жазып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әлеуметтік желі арқылы танысып, кейін жыныстық қатынасқа түскен қызды интим-видеосын Желіге таратамын деп қорқытқан жігітке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда әлеуметтік желі арқылы танысып, кейін жыныстық қатынасқа түскен қызды интим-видеосын Желіге таратамын деп қорқытқан жігітке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 2017 жылдың 10 желтоқсанында болған. Соттың мәліметінше, ер адам "Друг Вокруг" сайты арқылы қызбен танысқан. Кейін олар жалдамалы үйде кездескен.

"Содан, олар сол жерде орналасқан бір жалдамалы пәтерге барып, келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Сағат шамасында жәбірленуші басқа бөлмеде жүрген кезінде, сотталушы пәтерден шығып, үйіне кетіп қалған. Содан кейін қыз әлеуметтік желісі арқылы соталушыға "сен қайдасын, неге кетіп қалдын" деп жазған. Осы кезде сотталушының ойына, қорқытып алу, яғни жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтерді не жариялануы жәбірленушінің мүдделеріне елеулі зиян келтіру мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлікке құқықты беруді немесе мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету туралы қылмыстық ойы туындаған", - делінген соттың хабарламасында.

Сотталушы жәбірленушіге өзімен жыныстық қатынасқа түскенін бейнежазбаға түсіріп алғаны туралы айтып, бұл бейнежазба ғаламторға жарияланатыны туралы айтып, оны қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленуші оған сеніп, одан қорқып, бейнежазбаны ақшаға сатып алуға келіседі.

"Содан, жәбірленуші қорқып, бопсалаушының талаптарын орындау жөнінде Алматы қаласы Пушкин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан терминал арқылы сотталушының шотына ақша салып жіберген. Өз кезегінде соттталушы қаражатты шотынан шешіп алып, өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Осы қылмыстық іс әрекеттің салдарынан жәбірленушіге 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Сот кезінде айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындап, істеген іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берілген жауабын толық растаған. 

"Сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен ("Бопсалау") кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын", - деп оқыды судья үкімді. 

Сондай-ақ, мамандандырылған органға хабарламай тұрғылықты тұратын жерін, жұмыс орнын өзгертпеу, өзі тұратын аудан аумағынан кетпеу, қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы міндеттемелер қойды. Алайда жәбірленушінің азаматтық талап-арызы қысқартылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети