Алматыда Ержан Сатыбалдының отбасын қырып салғандардың бірі Бақытжан Мұқажанов өзіне шығарылған өмір бойы жаза өтеу туралы үкімге шағым келтірді, бірақ Алматы қалалық соты алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ержан Сатыбалды хабарлады.

Бұл оқиға Алматыда 2013 жылдың жазында болған еді. Қылмыскерлер екіқабат әйел мен оның інісін және екі баласын үтік бауымен буындырып өлтіріп кетті.
Наурыз айында күдіктілер - Өзбекстан азаматы Ихбол Тұрдиев пен Алматы облысының екі тұрғыны Бақытжан Мұқажанов және Ерлан Мәміреевтер сот алдында жауап берді. Сот жауапкерлерге өмірлік жаза өтеу туралы үкім шығарды.
Бірақ сотталушылардың бірі апелляциялық алқаға шағым түсірді. Бұдан кейін Мұқажанов пен оның адвокаты кассациялық алқаға тағы шағымданды. Сатыбалдының айтуынша, бүгін, 16 маусым күні отырыс өтті. "Мұқажанов шағым түсірді. Ол ешкімді өлтірген жоқпын деп, өмір бойы жаза өтеу туралы үкіммен келіспей отыр", - дейді жәбірленуші.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға былай өрбіген: Өзбекстан азаматы бастаған үш адам бір жыл бұрын жөндеу жүргізген пәтерге келеді. Отбасының сеніміне ие Тұрдиев отағасын базарға жұмсап жіберіп, екі серігін шақырып алады. Ержан жоқ кезде үшеуі алдымен әйелді, кейін оның інісін буындырып өлтіреді. Бұдан соң үш және жеті жасар екі баланы тұншықтырып, су толы ваннаға салады. Бұл оқиға бүкіл ел жұртшылығын дүрліктірді.