05 наурыз 2014 12:26

Отбасыны қырып салғандарға қатысты үкім өзгертілмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Сатыбалды балаларының фотосуретімен. ©Роза Есенқұлова Ержан Сатыбалды балаларының фотосуретімен. ©Роза Есенқұлова

Сот Алматыда бір отбасыны өлтірген Ихбол Тұрдиев, Бақытжан Мұқажанов пен Ерлан Мәмреевке қатысты шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Мұқажановтың адвокаты Фатима Тілеумұратова өз қорғауындағы адамның кісі өлтірмегенін, тек сотталушы Мәмреевке жасөсөпірімді өлтіруге көмектескенін алға тартып, оның жаза өтеу мерзімін 20 жыл бас бостандығынан айыру деп белгілеуді сұрады. Оның айтуынша, Мұқажанов дайындалып жатқан қылмысты білмеген, тек ұрлық жасауға ғана келіскен, бірақ ойламаған жерден қанды оқиғаның ортасында қалады. "Ол Ерлан Мәмреевке жасөспірімді өлтіруге көмектескенін мойындайды, бірақ қалғандарына тиіспеген. Ол жоспарланған қарақшылық шабуыл мен бірнеше адамды өлтіру туралы білмеген. Соған байланысты оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраймын", - деді адвокат. Алайда судья Лұқмат Мерекенов "Сотталушылар адвокатының өмір бойы жаза өтеу туралы үкімді жұмсарту туралы өтінішін тыңдағаннан кейін сот бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдыруға қаулы етті", - деп хабарлады. Бүгін соттың апелляциялық алқасының отырысы басталарда өткізу пунктінде алдыңғы жолы болған жағдай тағы қайталанды - алдымен қалалық соттың өкілі Қуандық Ешімет залға барлық журналисті өткізді. Содан кейін кіреберісте төбелеске ұласа жаздаған жанжал шықты - оған марқұм болғандар туыстарының залға кіргізілмеуі себеп. Оқиғаға журналистер араласқаннан кейін ғана жағдай өзгерді. Қуандық Ешіметтің "Түсінесіздер ме, залға көп адамның бәрі сыймайды" деген сөзі жәбірленуші тараптың ашуын туғызды. Еске сала кетейік, қанды оқиға Алматыда 2013 жылдың жазында болып, күллі елді дүрліктірген еді. Үш адам бір жыл бұрын жөндеу жасаған пәтеріне келіп, тұрғындардың сенімін пайдалана отырып, отағасын базарға жұмсап жібереді де, ол жоқта үйдегі екіқабат әйелді, оның інісі мен 3 және 7 жастағы екі баланы өлтіреді. Қылмыскерлердің көздегені пәтерден ақша толы сейфті алу болған. Өзбекстан азаматы мен оған көмектескен жергілікті екі жігіт көп ұзамай ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети