30 маусым 2022 09:30

Алматылық зейнеткер алаяқтарға сеніп қалып, пәтерінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алаяққа өз қолымен бүкіл ақшасын санап берген алматылық зейнеткер тақырға отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.


Алаяққа өз қолымен бүкіл ақшасын санап берген алматылық зейнеткер тақырға отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

62 жастағы әйел банктің атын жамылған бейтаныс адамға 3 бірдей банктен несие алып, жалғыз баспанасын сатқан ақшаны да қоса аударған. Алаяқтар бұрыннан бегілі схемамен зейнеткерді арбаған. Есепшоттағы ақшаңызды әлдекімдер шешіп алуға талпынып жатыр, солардың жолын кесу үшін біздің айтқанымызды істейсіз деген. Оларға имандай сенген Вера Канарова енді 3 банкке 2 жарым миллион теңге қарызы аздай, басындағы баспанасынан да айырылып қалды. 

"Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырды. Алаяқтардың кезекті құрбаны мен болып тұрғандықтан көмектесуімді сұрады. Банк қызметкері қаржыңызды қадағалайды. Ал біз алаяқтарды ұстаймыз деді. Іле-шала менеджермін деп қоңырау шалған азамат полицей жігіт келтірген деректер мен табельдік сандарды тізіп берді. Тіпті жеке мәліметі мен суретін де құжат күйінде жіберді. Екеуінің сөзі бір-бірімен сәйкес келгендіктен сеніп қалдым", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Вера Канарова.

Әккі айлакерлер дәл осындай жолмен тағы үш банктен де несие алуға көндірген. Яғни банктің қарыз ақша беретін шектеуін өзі қолданбаса, алаяқтар алдын орап кетеді екен. Қай мекемеге баратынына дейін қаржы қарақшылары таңдап беріпті. Осылайша, сан соғып қалған қарияның қайғысы бұл ғана емес. Тіпті басындағы баспанасынан да дәл осылай айырылып отыр.

Бүгін олардың бұл пәтердегі соңғы күндері. Үйді босатып, жаңа иелеріне кілтті табыстайды. Өйткені сатып алушылармен анасы бетпе-бет кездесіп, келісімнің барлығын заң жүзінде жасаған. Артынша, 20 миллионға бағалаған баспанасының ақшасын банкке өз қолымен апарып, алаяқтардың шотына құяды. Бүкіл ақшаны аударғанша туған балаларына да тіс жармаған.

"Анама барлық бағдарды алаяқтар көрсетіп отырған. Ең басында пәтеріңізді алаяқтар бұғаттап, 15 миллионға кепілге бермекші. Тез арада сатып, ақшасын сақтандыру шотына қойып қойыңыз. Алаяқтарды ұстаған кезімізде біз сізге сол ақшаны қайтарып береміз депті. Бұған қоса, анама сіз бізге куәгер ретінде көмектесіп жатқандықтан ешкімге тіс жармаңыз. Әйтпесе, бұл туралы білген адамдар жауапқа тартылады деп қорқытқан. Сол себепті біздің ештеңеден хабарымыз болмай қалды", - деді ұлы Рамиль Гаязов.

Оның айтуынша, несиені алдырып, үйді сатуға итермелеген әу бастағы сол екі-үш адам. Тіпті оңай жолмен олжа табуды көздегендер қомақты қаржыны бөліп-бөліп аудартқан. Қазір тақырға отырған отбасы полицияға арыз жазды.

"К. есімді азаматшаның арызы Алмалы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-тармағы бойынша тіркеліп, қазіргі таңда соталды тергеу амалдары басталды. Осы іске қатысы бар адамдарды анықтау және оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған іс-шараларды арнайы тергеу тобы жүзеге асырады", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Осылайша, Полиция департаменті алаяқтарға алданып қалмас үшін ешкімге жеке ақпаратты бермеуді сұрайды. Күмән тудырар белгісіз адам хабарласқан жағдайда сөйлесуден бас тарту керегін тағы ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети