16 желтоқсан 2020 10:13

Алматылық зейнеткер жөзекшелер қызмет көрсеткен массаж салонын әшкереледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1tv.kz © 1tv.kz

Алматы тұрғыны "Еуразия бірінші арнасының" редакциясына массаж салонындағы былық туралы шағымын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны "Еуразия бірінші арнасының" редакциясына массаж салонындағы былық туралы шағымын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткердің айтуынша, ол массаж салонына тазалаушы болып жұмысқа орналасқан. Әйел жөзекшелер интим қызмет көрсеткеннен кейін бөлмелерді тазалаған.

"Онда 17 қыз бар. Олардың арасында ауру қыздар да бар. Қыздар ішінің төменгі бөлігі ауыратынын айтады. Таңертең олар ер адамдарға қызмет көрсетеді. Менде оның видеосы да бар. Онда бірнеше арнайы жабдықталған бөлме де бар. Олар массаж жасаймыз дегенімен жезөкшелікпен айналысады", - дейді Айман есімді әйел.

Зейнеткер массаж салонындағы жағдайды көргеннен кейін жұмыс істегісі келмеген.

Салон әкімшілігі әйелге жұмыс істеген сағаттары үшін ақы төлеуден бас тартқан. Ондағы күзетшілер әйелді тапаншамен қорқытып, қуып жіберген. Кейін ол құқық қорғау органдарына көмек сұрап барған. Алайда жалақысын ала алмаған.

Телеарна журналистері полицияның баспасөз қызметіне хабарласып, жағдайды түсіндіруді сұраған. Олар оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде берген.

"Арызды Медеу аудандық полиция басқармасы қарайды. Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі оқиғаның мән-жайын толық анықтап, мүдделі тараптардан жауап алғаннан кейін іс бойынша шешім қабылдайды", - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети