Алматылықтар бизнес-орталық алдында қылмыстық топты ұстау сәтінің видеосын таратып жатыр

viewings icon 719 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда ірі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы бизнес-орталықтардың бірінің алдында топтың бірнеше мүшесін құрықтау бойынша арнайы операция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ірі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы бизнес-орталықтардың бірінің алдында топтың бірнеше мүшесін құрықтау бойынша арнайы операция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғимарат қызметкерлері мен қонақтары жедел уәкілдердің бірнеше адамды қалай ұстағанын көрген. Арнайы операция басталғанда куәгерлердің бірі көлігінде болып, жедел іздестіру шаралары аяқталғанға дейін күтуге мәжбүр болған. Кейін оқиға болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылады!

Полиция мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары тұрақты түрде есірткі сатқандарды ұстаған. Топтың құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Оны 27 жастағы ер адам басқарған.

"Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының назарына ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түсті. Қолда бар жедел деректерге сәйкес, топ құрамындағы ер адам бірнеше ай бойы Алматыда синтетикалық есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан. Оның "көмекшілерінің" қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталған. Әр адамның ролі нақты бөлінген.

Мысалы, үш адам, олардың бірі қыз, логистикалық компания арқылы Ресейден синтетикалық есірткіні өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге жауапты болды. Екі адам - "кассирлер" - өтініш қабылдау және кепілгерлермен жұмыс істеуге жауап береді. Тағы төрт ер адам - Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жиі қолданатын есірткінің кепілгерлері", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Барлық 10 айыпталушы ұсталды. Синтетикалық есірткі жасау үшін олар бұрын пәтер жалдап тұрғаны белгілі болды. Тінту нәтижесінде белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ пен өсімдік тектес жасыл ұнтақ тәркіленген.

"Атрибуттардың басым бөлігі Алматы маңындағы басқа жалдамалы үйден табылды. Қылмыстық іске: ұнтақ және кесектер түріндегі заттар, электрон таразылар, қабаты бар зертханалық шыны колбалар, ұнтақ және кесектер түріндегі өнімдерді кептіруге арналған түрлі шыны ыдыстар және қасықтар, екі магнитті араластырғыштар, түрлі түсті мың полиэтилен қапшық, зертханалық жағдайларда пайдаланылатын газқағардың екі жиынтығы", - деді Әбілбеков.

Ұсталғандардың айтуынша, тәркіленген заттар "мефедрон" есірткі компоненті. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
20°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro