23 сәуір 2021 16:56

Есірткі сатты деп күдікке ілінген Q-pop әншілері 15 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматы полиция департаменті есірткі қылмысы бойынша күдікті ретінде ұсталған Mad Men Q-pop тобының әншілеріне қатысты іс қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полиция департаменті есірткі қылмысы бойынша күдікті ретінде ұсталған Mad Men Q-pop тобының әншілеріне қатысты іс қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, ісі ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу") сараланған.

Бұл бапта мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Бұған дейін Алматы полициясы есірткі қылмысына күдікті ретінде ұсталғандар қатарында танымал Q-pop тобының әншілері болғанын хабарлаған еді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда қылмыстық топтың ұсталған сәті түскен видеоға белсенді түрде пікір жазып жатыр. Кейбіреуінің айтуынша, ұсталғандардың ішінде бірнеше адам Mad Men Q-рор тобының мүшелеріне ұқсас. Олардың ішінде пікір қалдырушылар топ мүшесі Moora мен олардың продюсері Руслан Хванды танып отыр.

Айта кетейік, құқық қорғау органдары тұрақты түрде есірткі сатқандарды ұстағанын хабарлданған еді. Топтың құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Оны 27 жастағы ер адам басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети