22 сәуір 2021 17:10

Q-pop тобының әншілері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жақында Алматы полициясы синтетикалық есірткі өндірумен және сатумен айналысты деген күдікпен бір топ адамды ұстаған болатын. Олардың қатарында жастар арасында танымал Mad Men тобының солисі бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жақында Алматы полициясы синтетикалық есірткі өндірумен және сатумен айналысты деген күдікпен бір топ адамды ұстаған болатын. Олардың қатарында жастар арасында танымал Mad Men тобының солисі бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда қылмыстық топтың ұсталған сәті түскен видеоға белсенді түрде пікір жазып жатыр. Кейбіреуінің айтуынша, ұсталғандардың ішінде бірнеше адам Mad Men Q-рор тобының мүшелеріне ұқсас. Олардың ішінде пікір қалдырушылар топ мүшесі Moora мен олардың продюсері Руслан Хванды танып отыр.

Mad Men тобының солисі Moore 

Mad Men тобының продюсері Руслан Хван

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандардың арасында Mad Men тобына қатысы бар адамдар болған.

"Бір күн бұрын ұсталған, синтетикалық есірткі жасап, таратқан 10 адамның екеуі аталған шығармашылық ұжымға қатысы бар. Еске салайық, санкцияланған тінту бірнеше мекен-жай бойынша жүргізілді. Тергеу жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Еске салайық, Алматы полициясы тұрақты есірткі желісін жойды. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Топты басқарған - 1994 жылы туған Х. есімді ер адам.

"Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бірнеше айдан бері Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х.-ның және оның "көмекшілерінің" қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталды", - деген еді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети