23 сәуір 2021 17:59

Mad Men тобының мүшелері әріптестерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Танымал қазақстандық Mad Men тобының мүшелері әріптестерінің ұсталуына қатысты түсінік берді. Олардың үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал қазақстандық Mad Men тобының мүшелері әріптестерінің ұсталуына қатысты түсінік берді. Олардың үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Топ мүшелерінің бірі Мадияр Ахметқали Instagram-stories-те жанкүйерлеріне арнап видео жариялады.

"Сіздер көп нәрсені білмейсіздер, түсініспеушілік бар. Әзірге толық ақпарат шықпады, тұжырым жасауға ерте. Бәрі шешілгеннен кейін өзіміз айтамыз", - деді әнші.

Ол қазір топтың қалған мүшелері жаңа альбом жазуды жалғастырып жатқанын айтты.

Сондай-ақ, жағдайға қатысты пікірін топ мүшесі Марк та айтты.

"Асығыс шешім қабылдамаңыздар. Бәрі жақсы болады, достар. Кездескенше, сау болыңыздар", - деді әнші.

Марк пен Мадияр - Mad Man тобының жаңа мүшелері.

Полиция мәліметінше, ісі ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу") сараланған.

Бұл бапта мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Бұған дейін Алматы полициясы есірткі қылмысына күдікті ретінде ұсталғандар қатарында танымал Q-pop тобының әншілері болғанын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети