Батыс Қазақстан облысында жүк көлігінің жүргізушісі ақылы жолмен жүру ақысын үнемдемек болып, ақыры жүргізуші куәлігінен айырылып, қамауға алынды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Сот мәліметінше, ер адам автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырған. Ол осылайша ақылы жолдар жүйесі арқылы өту кезінде төлемақыдан жалтармақ болған.
Алайда мұндай "лайфхакты" оңай анықтайтын жол қозғалысын бақылау камералары заңбұзушылықты әшкереледі.
Тексеріс нәтижесінде жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақылы жолмен жүру ақысын төлемеу мақсатында нөмірді әдейі жасырғаны үшін оған бір тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалып, көлік құралын басқару құқығынан бір жылға айырылды.
Бұған дейін Түркістан облысында жүргізуші көлік нөмірін жасырып, камераларға ерсі ишарат көрсеткені хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Қазақстандағы рейд барысында көлігіне жалған нөмір таққан 500-ден аса жүргізуші анықталды.