03 наурыз 2020 09:12

Алты баланың әкесі әйелінің үстіне бензин шашып, от қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Елордада әйеліне бензин құйып өртеген ер адам сот алдында жауап бере бастады. Прокурорлар сотталушыны мұндай адамшошырлық іске алдын ала дайындалған дейді. Бірақ күдікті бұл айыппен келіспейді. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.


Елордада әйеліне бензин құйып өртеген ер адам сот алдында жауап бере бастады. Прокурорлар сотталушыны мұндай адамшошырлық іске алдын ала дайындалған дейді. Бірақ күдікті бұл айыппен келіспейді. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.

Оқиға былтыр 6 қазанда болған. Прокурордың сөзіне сенсек, күдікті Сапарбек Өмірбеков әйелін елорданың шеткері ауданы маңына апарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген. Бұл іске ол алдын ала дайындалған.

"Өмірбеков Нұр-Сұлтан қаласы Тілендиев көшесінің бойында орналасқан "Сәлем" базарына барып, екі литр көлемінде тез тұтанатын бензин қалпындағы жанармайды алдын ала сатып алған. Тез тұтанатын бензин қалпындағы жанармайын қолына алып, қақпағын ашып, Урзабекованың басынан төмен қарай шашып төккен", - дейді прокурор. 

Сөйтіп қылмыс орнынан із суытқанымен, кейін полицейлерге өзі беріліпті. Сол арада күдікті туысқанына да телефон шалған. Жан жарын о дүниелік қылғанын да айтып берген. Ал жәбірленуші ретінде отырысқа келген марқұмның інісі отбасылық жанжалдың бұған дейін де болғанын жасырмады.

"Алдында әпкемді ұрып-соққан, мұның алдында да сондай жағдайды істемекші болған. Әпкем маған "бір мәрте мені қылғындырып өлтіргісі келді" деген болатын", - дейді марқұмның інісі Батырхан Урзабеков.

Ал Урзабекова Қаракөздің ағасы Асқар күйеубаласының жазасын жеңілдетуге жасаған қитұрқы әрекетін жайып салды. Оның сөзінше, Сапарбектің құжаттарында "психикалық ауытқуы бар" деген анықтама көрсетіпті. "Ол - жалған" дейді.

"Сәл жеңіл болады деп істеген ғой. Мен мұны байқап қалдым. Байқамағанда, психикалық ауруымен ауырады деп іс бітіп кететін еді. Оны кейін дәлелдей алмаймыз. Мен адал, қатаң түрде өз жазасын алсын деймін", - дейді марқұмның ағасы Асқар Урзабеков.

Еске салайық, алтыншы қазанда үстіне бензин құйып, денесінің 75 пайызы жанып кеткен әйел төрт тәуліктен соң көз жұмған. Уақытша қамауда отырған алты балалы әке Сапарбек Өмірбеков "аса қатыгездікпен адам өлтірді" деп айыпталып отыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабымен сотталушы 15 жылға дейін жазалануы мүмкін. Қоғамның үрейін туғызған іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр. Ендігі сот тыңдауы 11 наурызда өтеді. Ол кезде сотталушының өз нұсқасы тыңдалады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети