Алматы облысында алты баласын балалар үйіне өткізген әйелді күйеуі пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында алты баласын балалар үйіне өткізген әйелді күйеуі пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты кісі өлтірді және құжаттарды тонап, бүлдірді деген айыппен сотқа жіберілген А.Рублевке қатысты қылмыстық істі қарады", - делінген хабарламада. Сот өкілдерінің хабарлауынша, ұрыс-керіс пен алауыздықтан өз отбасынан бөлек тұрып келген азамат әйелінің алты баланы балалар үйіне өткізгенін білгеннен кейін оны ұрып-соғып, пышақтаған. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Бұдан кейін ол қылмысын жасырмақ ниетте мәйіт пен оның жеке құжаттары мен қылмыс жасаған құралдарын түрлі жаққа апарып көмген. Бірақ өз айыбын мойындап, аудандық ішкі істер басқармасына барған.
"Судья сотталушыны ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлігі және 324-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыс жасады деп танып, осы көрсетілген баптар бойынша қатаң режимдегі түзету колониясына 11 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылдың сәуір айында Орал қаласында болған еді. Орман алқабындағы "ВАЗ-2101" автокөлігінің ішінен полицейлер мойны пышақпен кесіліп, мерт болған 25 жастағы қыздың мәйітін тапты. Қаза тапқан қыздың қасында 30 жастағы ер адам болған. Полицейлер бұл жігіттің де көкірек тұсы мен іші жараланғанын анықтады. Тәртіп сақшылары келгенде әйелі өлі күйінде, ал ер адам жаралы күйінде табылды. Ауыл тұрғындары тәртіп сақшыларына ерлі-зайыптылардың ажырасуды жоспарлап жүргенін де айтты. Ерлі-зайыптылардың екі кішкентай баласы бар.