13 желтоқсан 2021 | 13:55

Антикор Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековті іздестіру туралы ақпарат жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков. Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков Интерпол тізімінде жоқ екені туралы БАҚ-тағы ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков Интерпол тізімінде жоқ екені туралы БАҚ-тағы ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және LRT, BRT/ITS жобаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аясында Талғат Арданға және Қанат Сұлтанбековке "қызыл бюллетень" бойынша (қамауға алу және экстрадициялау мақсатында) халықаралық іздеу жарияланды. Жүргізілген іс-шаралар Арданның Түркияда екенін анықтады. Сот оны қамауға алу үшін сырттай санкция берді. Осы мемлекеттің құқық қорғау органдары оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, Қанат Сұлтанбековтің АҚШ аумағында екені анықталды. Оны ұстау және экстрадициялау туралы өтініштер бірнеше рет жолданды. Алайда, АҚШ заңы бойынша егер ол көші-қон режимін бұзбаса, "қызыл бюллетеньнің" болуы іздеуде жүрген адамды ұстауға негіз болмайды", - делінген хабарламада

Сонымен қатар, ведомство өкілі күдіктіні экстрадициялау қылмыскерлерді ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына байланысты қиындап кеткенін айтты. Бұл мәселені уәкілетті орган пысықтайды.

Сондай-ақ, іздестіріліп жатқан Сұлтанбеков пен Арданның жария сайтта болмауы туралы да айтылды.

"Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың талаптары мен ережелеріне сәйкес Интерполдың жария веб-сайтында қылмыскерді іздестіру және оларды жариялау туралы мәліметтер зор қоғамдық резонанс тудырған, сондай-ақ қоғамға жоғары қауіп төндіретін (адам өлтіру, терроризм, экстремизм және т.б.) қылмыстар жасаған адамдарға қатысты жарияланатынын атап өткен жөн. Дәл осы талаптар іздестірілетін адамдарды бәріне қолжетімді тізімге қосуға негіз болады. Жария веб-сайтта мәліметтерді жариялау туралы түпкілікті шешімді Интерполдың бас хатшылығы (Лион, Франция) қабылдайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан (Астана) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті іздестіруге қатысты сұраққа жауап берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети