23 сәуір 2020 17:01

Антикоррупция қызметі бірнеше лауазымды тұлғаның ұсталғаны түсірілген видео жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің пара алып жатқан сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің пара алып жатқан сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысында 20 мың теңге алды деген күдікпен мемлекеттік автобақылау инспекторының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол Қостанай аудандық полиция бөлімі жол-көлік инспекциясы еңбек еткен. Тәртіп сақшысы жол ережесін бұзған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды қызметкерінің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол облыс әкімдігінің COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың мүшесі де болған.

"Ол Петропавл қаласындағы блок-бекеттен кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін рұқсат қағазын рәсімдегені үшін 50 мың теңге пара алды деген күдікке ілігіп отыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірігіп, аудандардың біріндегі полиция басшысының бірінші орынбасарын ұстады.

"Ол өңірде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан ауданда кедергісіз жүріп тұру үшін 1 милион 300 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети