Ақтауда соққыға жығылған 18 жастағы сарбаздың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда соққыға жығылған 18 жастағы сарбаздың ісіне қатысты жаңа деректер шықты © "Лада"

Ақтауда соққыға жығылған 18 жастағы сарбаз Дәулет Әшіровтің ісіне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды "Лада" ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда соққыға жығылған 18 жастағы сарбаз Дәулет Әшіровтің ісіне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды "Лада" ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта осы дерек бойынша бірнеше сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ, 25744 әскери бөлімінің сарбазының Дәулет Әшіровті ұрып-соқты деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ақтау әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша ("Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу") сотқа дейінгі тергеу бастады.

"2017 жылдың 23 қарашасында 25744 әскери бөлімінің сарбазы осы іс бойынша күдікті ретінде танылды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілді, сараптамалар тағайындалды. Сараптамалар нәтижесінен кейін күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады", - деп хабарлады министрліктегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтауда қатарласы соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбаздың комада жатқаны хабарланған еді. Дәулет Әшіровтің әкесінің сөзінше, ұлы осы көктемде әскер қатарына қабылданған. Кейін келісімшарт бойынша әскерде қызмет етпек болған."Өзінің шамасы келмей орындыққа жармасқан. Міне енді осылай болды. Аямаймын, соттасын. Құдайдан тілейтінім тек ұлымның амандығы. Мықты мамандар қарап, ұлымды аяғынан тұрғызып берсе екен", - деген еді сарбаздың әкесі Бақтыбек Әшіров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети