Ақмола облысының Зеренді ауылында әріптесінің үйіне қонаққа барған екі тұрғын қожайынды тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысының Зеренді ауылында әріптесінің үйіне қонаққа барған екі тұрғын қожайынды тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасына 1980 жылы туған әйел шағымданған. Оның айтуынша, екі ер адам әйелдің үш ұялы телефоны мен үш жәшік спиртті ішімдігін алып кетті. Сөйтіп, 206 мың теңге шығын келтірген. Полиция күдіктілерді сол күні-ақ ұстады, олардың Зеренді ауылының 1975 және 1981 жылы туған екі тұрғыны екені анықталды.
Полицейлер ол екеуінің сол күні жәбірленушілердің үйіне қонаққа барғанын анықтады. Күдіктілер арыз жазған әйелдің күйеуінің әріптестері болып шықты. Отырыс кезінде еркектер арасында жанжал туады, екі күдікті сол үйдің қожайынын ұрып-соғып, оның ұялы телефондары мен үш жәшік спиртті ішімдіктерін алып кеткен.
Қазіргі таңда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай қаласында дүкеннен бір жәшік сыраны алып қашып кеткен жігіттердің ұсталғаны хабарланған болатын. Тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенге таңертең бір жігіт достарымен бірге кіріп, бір жәшік сыраны алып қашып кеткен. Дүкендегі сатушы сол сәтте күзет қызметіне хабар беріп, жекеменшік күзет фирмасының қызметкерлері мен жол-патруль полицейлері ұрлық жасағандарды қаланың орталығынан ұстады.