05 қаңтар 2015 14:42

Қостанайда төрт жігіт дүкеннен бір жәшік сыра ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласында дүкеннен бір жәшік сыраны алып қашып кеткен жігіттер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жігіттердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Гоголь көшесінде орналасқан тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенге таңертең бір жігіт достарымен бірге кіріп, бір жәшік сыраны алып қашып кеткен. Дүкендегі сатушы сол сәтте күзет қызметіне хабар беріп, жекеменшік күзет фирмасының қызметкерлері мен жол-патруль полицейлері ұрлық жасағандарды қаланың орталығынан ұстады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір жәшік сыраны ұрлап ішкен төрт жігіттің жасы 20-23 аралығында, қазір олардан ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынды.    

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети