28 қазан 2014 | 18:00

"АрселорМиттал Темиртау цехы басшысының көлігіне оқ атылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Теміртауда "АрселорМиттал Темиртау" АҚ цехы басшысының көлігін белгісіз біреу травматикалық тапаншамен атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда "АрселорМиттал Темиртау" АҚ цехы басшысының көлігін белгісіз біреу травматикалық тапаншамен атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртау прокуратурасы өкілдерінің айтуынша, бұзақылық таңертең 07.00-де Лиза Чайкина көшесі мен Бейбітшілік даңғылының қиылысында болды. "АрселорМиттал" №3 цехының басшысы Niva қызметтік автокөлігімен металлургиялық комбинатқа қарай жүріп келе жатқан. Жолдың өтетін бөлігінде тоқтаған ол қарсы бағыттағы көліктерді өткізіп тұрады. 

Бұл уақытта белгісіз бір жігіт жолаушы отыратын алдыңғы есікке жақындап келіп "АрселорМиттал Темиртау" компаниясының № 3 цехы басшысына тапанша кезеп, атады. Атқан адам қашып кетеді. Оқ терезеден өтпей қалса да, терезе шытынап кеткен. 

"Полицейлер қиылыста резеңке оқты тапты. Бұзақы іздестіріліп жатыр. Ол ұсталған соң ғана "АрселорМиттал Темиртау" АҚ цехы басшысына жасалған шабуыл мотивтері туралы белгілі болады. Жәбірленуші өзін атқан кім және не үшін атқанын білмейді. Полицейлерге ол қаскөйлерінің жоқтығын айтты", - деп хабарлады агенттікке прокуратура өкілі. 

Бұған дейін жыл басынан бері "АрселорМиттал Темиртау" компаниясынан 700-ден астам адамның жұмыстан шыққаны хабарланған болатын. Осы жылдың мамыр айында БАҚ-тар 2014 жыл ішінде "АрселорМиттал Темиртау" кәсіпорны мыңға таяу адамды жұмыстан шығаратыны жөнінде хабарлады. 500 адам аутсорсинг арқылы өз еркімен жұмыстан шығады, ал 486 жұмысшы ерікті түрде жұмыстан шығады деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети